Қоғам

Ақтөбеде әжесін алдап, несие алғызған жас жігіт 5 жарым жылға сотталды

Немересі әжесінің сеніміне кіру арқылы оның атынан бірнеше несие алған

Ақтөбеде өз әжесін алдаған 18 жастағы жігітке сот үкім шығарды. Ол әжесінің атынан 628 мың теңгеге қарыз рәсімдеген, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Диапазон порталына сілтеме жасап.

 

Өзінің атында қарыз барын зейнеткер банктен қоңырау шалғанда ғана білген. 

 

18 жастағы жігіт әжесінің телефонымен 40 мыңнан бастап 208 мың теңгеге дейін онлайн-кредиттер ресімдеген. Сөйтіп әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған. 

Қазіргі кезде әйел несиесін өтеп жатыр. Бірақ жәбірленуші соттан немересін қатаң жазаламауды сұраған. 

 

Ол кешіргенін айтқанымен, бірақ жігіт жазасын өтеуден құтыла алмады. Оның бұған дейін соттылығы мен шартты мерзімі бар екені белгілі болған. Осыған дейін де тонағаны және ұрлық жасағанын және  алаяқтық көрсеткенін сот ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.