Қоғам

“Жабысып өліп бара жатқан”: Тойда ақсақал ортада билеген жігіт пен қызды қуып шықты

Жігіт пен қыздың ерсі биіне қарсы болған қария оларға таяғын ала жүгірді.

Тойдың бірінде ортаға шығып алып билеген жігіт пен қызды қария қуып шықты. Олар бидің түбін түсіріп жатқан болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы видеоны әлеуметтік желі қолданушысы өз Instagram парақшасында бөліскен. 

 

Тойдың еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Кадрда көпшіліктің алдында екі жас бір-бірімен жарыса би билегенін көруге болады. Алайда, қария көпшіліктің алдында ерсі билеген жігіт пен қызға таяғын ала жүгіреді. Бидің қызығына кіріп кеткен екеуі бірден қаша жөнелген.