“Мәдениетсіздер дәріс оқитын заман”: Қазыбек Иса Баян Алагөзованың сөзіне ашуланды
Баян Алагөзова “ағай”, “апай” сөздері қазақ менталитетіне сіңіп кеткенін айтты.
Танымал продюсер Баян Алагөзова қаза мектептері мен жоғарғы оқу орындарында ұстазға “Апай” немесе “ағай” деп айтатындарын сынға алған еді. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса продюсердің бұл сөзіне шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы Баян Алагөзова “Замандас” подкастында айтқан.
«Театр инстутында оқып жүргенде «Гүлнәр апай» деп сөйлейтін студенттерді көретінмін. Бұл институт. Қайдағы апай? Мектепте де сол. Сонда мәдениет, білім қайда? Бұл біздің менталитетке сіңіп кеткен. «Апай қойып беріңізші?» деп мұғаліммен келісу оңай. Сондықтан мұндай панибратствоны жою керек», - деген еді Баян Алагөзова.
Продюсердің бұл сөзіне шамданған Қазыбек Иса мәдениетсіздер дәріс оқыған заман болғанын айтты.
«Осыған осылай кім жауап береді екен деп жүр едім, өзімде уақыт болмағасын. Күшті қарымта қайтарыпсың қазақ мүддесі үшін! Бұл мәңгүрттер өздері білмейтін қазақ тілі, қазақтың ұлттық ұғымы, қазақ мәдениеті туралы сөз қозғап несі бар десейші? Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой!», - дейді депутат.