Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы “Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесті

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында мәлімдеді. 

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. ️

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.