Басты жаңалықтар

Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді

Бұл жасаған әрекеті үшін ер адам әкімшілік жазаға тартылды.

Алматы облысының Қонаев қаласында көлік жүргізушісі итті байлап, жол бойымен сүйреген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

 Көлікке байланған иттің видеосын Instagram-дағы kris_p_akimat парақшасы жариялаған. Кадрдан байланған ит көлік соңынан қуып жетуге тырысқанын көруге болады. Бұл жағдайға байланысты облыс полициясының өкілдері түсінік берді. 

 

"Құқықбұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлаймыз", - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері. 

 

Полиция видеоның авторына азаматтық ұстанымы мен құқықтық тәртіп органдарына көмегі үшін алғыс білдірді.