Жайық өзенінің суы көтеріліп, қыстау тұрғындары эвакуациаланып жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 7.6k
Атырау облысындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайларды жою штабы қыстау тұрғындарының эвакуацияланатынын хабарлады, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі жедел штабқа сілтеме жасап.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 9 мамыр сағат 20.00-дегі өзгеруі Индербор ауылы: су деңгейі – 1005 см (+ 13 см), шекті деңгейі – 845 см;
Махамбет ауылы: су деңгейі – 915 см (+ 4 см) , шекті деңгейі – 850 см;
Атырау қаласы: су деңгейі – 525 см (+ 3 см), шекті деңгейі – 550 см;
Жаңаталап ауылы: су деңгейі – 377 см (+ 2 см), шекті деңгейі – 500 см;
Еркінқала ауылы: су деңгейі – 337 см (+ 2 см), шекті деңгейі – 450 см.
Жедел штаб хабарламасында Жайық өзенінің жайылмалы аймағында орналасқан Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланғаны айтылған.