Бүгін Бишімбаевтың тағдырын шешетін үш сұрақ қойылады
Адвокат әр сотталушыға қатысты үш сұрақ қойылатынын түсіндірді
Бүгін 10 мамырда сағат 10:00-де басталатын сотта айыпталушылардың тағдырын шешетін сұрақтар құрылып, қорытындалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокат Данияр Байғабатовтың айтуынша, ҚПК кодекстің 653-бабы екінші бөлігіне сәйкес, әрбір тарап қойылған сұрақтардың мазмұны мен тұжырымы бойынша өз пікірлерін білдіреді. Жаңа сұрақтар қою бойынша ұсыныстарын енгізеді.
"Әрбір сотталушыға қатысты келесі үш сұрақ, яғни әрекет болғаны дәлелденді ме, сотталушы бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме, сотталушы бұл әрекетке кінәлі ме деген сауалдар қойылады. Айтпақшы, адам өлтіру, ерекше қатыгездікпен өлтіру, бұзақылық немесе пайдакүнемдік ниетпен өлтіру, кенеттен күшті эмоционалдық толқу жағдайында адам өлтіру, қажетті қорғаныс шегінен шыққанда, зорлау, тонау және т.б. жағдайда адам өлтіру сияқты нақты құқықтық терминдерді қолданып сұрақтар қоюға жол берілмейді", - деп түсіндірді адвокат.