Қоғам

Алматы маңында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5.

10 мамырда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС станциялары жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 06:52-де тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 671 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,6, магнитудасы MPV – 4,6, тереңдігі – 50 шақырым.
Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат: Қазақстан Республикасының аумағында жоқ.