Еліміздің көлік жүргізушілерін тағы да жаңалық күтіп тұр
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 497
Ақылы жолдардан түсетін кіріс мөлшері артады. Өйткені орташа жылдамдық белгіленіп, одан асып кеткен автокөлікке айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тиісті нормалар "Жол жүрісі туралы" заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" негізгі заңының, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заңының жобасында қарастырылған.
Мәжіліс бұл заңды мақұлдағанымен, кейбір сұрақ жауапсыз қалды. Депутат Ерлан Саиров айыппұл көлемін азайту қажеттігін айтады.
"Айыппұл көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде ең алдында тұр! Мысалы, теңгеге шақсақ, айыппұл Ресейде – 3 мың теңгеден, Беларусьте – 5 мың теңгеден басталады, Қазақстанда – 17 мың теңгеден басталады. Қазақстандағы бүгінгі гуманитарлық күрделі жағдайда, апаттар кезінде бұл айыппұлдар азаматтарды шаршатып, қажытып жатыр. Негізі, айыппұлды азайту керек еді", – деді Е.Саиров.
Бірақ Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айыппұлдың азаймайтынын, керісінше, ұлғаятынын мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл бірінші тоқсанында жол апаты бірден 70%-ға көбейіп кеткен.
Алайда, Ерлан Сайыров мына қымбатшылық заманда айыппұлдардың тағы өсетінін білсе, халықтың қуана қоймайтынын айтады. Бұл заңды депутат Павел Казанцев те қолдап, бірақ жол ережесін бұзудың жаңа құрамы енгізіліп жатқанын айтады.
Көліктердің әр телімде жылдамдығын тіркеу үшін арнайы аркалар орнату керек болады. Бірақ оны орнату үшін бюджетке қаншаға түсетіні белгісіз. Дегенмен жаңа заң жобаларының бір авторы, депутат Екатерина Смышляева жылдамдық режимін бұзудың жаңа құрамы енгізілмейтінін, айыппұл қолданыстағы құрамдар аясында салынатынын айтты.
“Автотабандарда тиісті аркалар тым сирек орналасқан. Оған жақындай түскенде автокөліктер жылдамдығын орта есеппен 30%-ға төмендете бастайды. Ал бұдан аркалар жылдамдықты асыру оқиғаларын тіркемейтінін білеміз. Аркалар арасында жүргізушілер жоғары жылдамдықпен айдайды. Патрульдік экипаж қарсы беттегі зулаған көлікті көрген жағдайда, оны тоқтату үшін келесі жолаққа шығып та үлгермейді", – деді Смышляева.
Ал ІІМ өкілінің айтуынша, Қазақстандв жолдар ұзын. Сондықтан көлік жүргізушілері аркаға таяғанда жылдамдықты төмендетеді екен. Бірақ одан өткеннен кейін жылдамдықты бірден арттыратын көрінеді.
Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев арка орнатылатын ақылы жолдардың саны арта түсетінін мәлімдеді. Ол таяуда орташа жылдамдықты бақылайтын шамамен 100 арка қойылатынан айтады. Ал депутат Самат Мұсабаев бұл өзгеріс трассаларда кептеліс туғызуы мүмкін екенін алға тартты.
Ішкі істер министрінің орынбасары И.Лепеханың айтуынша, халықты үйрету үшін алдымен бірнеше учаскеде ғана енгізіледі. Содан кейін ғана бірте-бірте барлық республикалық трассаларға таратылады. Бірақ олардың ешқайсысы аркалардың қанша тұратынын айта алмады.