Қоғам

17 жастағы оқушы мектеп директорын атып өлтірді

Жасөспірімнің тәртібі нашар болғандықтан оны мектептен шығарып жіберген

Түркияның Стамбұл қаласындағы Final Academy Эйюпсултан мектебінде оқушы мектеп директорын атып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәліметтер бойынша, 11-сынып оқушысы 2023 жылдың соңында мектептен шығарылған. Оның тәртібі нашар болған. Алайда бірнеше ай өткен соң оқушы бұрынғы білім алған ордасына келіп, мектеп басшысын кабинетінде бес рет атып өлтірген.

Куәгерлер ауыр жараланған 74 жастағы директорды ауруханаға жеткізген. Бірақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Күдікті 17 жастағы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Ол бірнеше сағаттан кейін ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу кезінде жасөспірім өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.