Қоғам

Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары дүние салды

Қалижан Бекхожин 1986 жылы Қазақстанның халық жазушысы болды.

Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Заида Бекхожина — саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан. Ол ұзақ жылдар бойы мектепте тарих пәнінен сабақ берді.

Қалижан Бекхожин 1982 жылы жазған автобиографиясында былай дейді: "менің ақындық өнерімді, халқымның аз да болса кәдесіне жараған жырларымды партия мен үкіметтің тиісінше бағалағанына өзімді өте бақыттымын деп санаймын. Мен екі мәрте қызыл ту орденімен, Қазақ ССР жоғарғы советінің Құрмет грамотасымен және бірнеше медальдармен марапатталдым. 1979 жылы жарық көрген "Менің замандастарым" атты өлеңдер жинағыма Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атақ берілді. Бұл құрметтің салмағын ойлағанда, талғамы биік оқырман халқымның кәдесіне сай жаңа туындылар жасау, заман сырларын құлшына жырлай беру үзілмес парызым деп тебіренемін" деген.

Қалижан Бекхожин 1986 жылы Қазақстанның халық жазушысы болды. 1990 жылы Алматы қаласында 77 жасында қайтыс болды.