Ғалия Тыныбаева дзюдодан Grand Slam жарысында алтын медаль алды
Бұл – Тыныбаеваның Grand Slam жарыстарындағы алғашқы алтыны.
Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam жарысында қазақ балуаны Ғалия Тыныбаева әйелдер арасында 48 келі салмақта алтын медаль иеленді. Ол финалда бейтарап спортшы ретінде жарысқа қатысқан Сабина Гилиязованы таза жеңді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Тыныбаев Астанадағы жарыстың жартылай финалында 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері франциялық Ширин Буклиден басым түсті.
Бұл – Тыныбаеваның Grand Slam жарыстарындағы алғашқы алтыны. Бұған қоса, Ғалия – Grand Slam турнирлерінде алтын медаль алған алғашқы қазақ қызы.
Сондай-ақ ерлер арасында 60 келіде Елдос Сметов (Рио олимпиадасының күміс, Токио олимпиадасының қола жүлдегері) Астанадағы жарыста қола медаль иеленді.
Астанада өтіп жатқан турнир – Париж олимпиадасына жолдамаға ұпай беретін маңызды жарыс.