Басты жаңалықтар

Сербия Қазақстанға су тасқыны салдарымен күресу үшін 1 млн еуро бөлді

Қазақстан 2014 жылы алапат су тасқынына байланысты Сербияға шатыр, дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды жіберіп, гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Қазақстандағы су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін Сербия миллион еуро жіберді, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан халқына» қорының есепшотына Сербия үкіметінен су тасқыннан зардап шеккен аудандарда үй салуға 1 миллион еуро түсті. Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақ деңгейін көрсетеді және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге артып келе жатқан сенімі мен көмекті бөлудегі ашықтықты көрсетеді, - деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

 

2024 жылдың 10 мамырдағы жағдай бойынша табиғи апаттан қираған тұрғын үйлерді салуға қордан бөлінген 10 миллиард теңгеден бөлек, қосымша 5,3 миллиард теңге жиналды.

 

Осы жылдың 6 мамыр күні екі елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич телефон арқылы сөйлескен болатын. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, бұрынғы келісімдерді жүзеге асыру және Қазақстан президентінің Белградқа алдағы сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.