Санкт-Петербургте суға құлаған автобуста қазақстандық мерт болды
Автобуста жирма жолаушы болған еді. Оның жетеуі қайтыс болды.
Санкт-Петербургте автобус көпірден құлап, суға батқан. Оның ішінде Қазақстан азаматы да болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Басылымның жазуынша, 28 жастағы Марина Ю. Көкшетау қаласының тумасы. Әйел әлеуметтік желіде блог жүргізіп, табиғи косметика заттарын сатумен айналысқан. Васильев аралындағы Косой жерінде тұрған.
10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап, жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол ұсталған.
Ресей тергеу комитетінің ресми мәліметінше, қылмыстық кодекстің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет) бойынша қозғалған. Полиция сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 264-бабының 5-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу) істі тергеп жатыр. Көлік комитеті автобусқа иелік еткен компанияға кешенді тексеру жүргізбек.
Апат болған кезде салонда 20-ға жуық адам болған. БАҚ-та олардың кейбіреулері өз бетінше жағаға шыққаны, тоғыз адамды құтқарушылардың алып шыққаны хабарланады.