Қоғам

"Мұрнымды тіктіру үшін ауруханаға апарған": Карина Мамаш дипломат күйеуінің озбырлығына көп жылдан бері шыдап келген

Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын туыстарына дейін айтпаған. Тек жақын құрбылары ғана білген екен.

Қазақстанның БАӘ-дағы елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі көп жылдан бері көрген қорлығы жайында айтып берді. Қазіргі Астана полициясы уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Қазір мен өзімді қауіпсіз сезінемін. Балаларым, анам мен әпкем қасымда. Мен бір демалып алғандаймын, өйткені қанша жылдан бері стрессте жүрмін. Осы уақытқа дейін ешқайда шағымданбадым. Оның туысқандары бәрін білетін. Олар менің мұрнымды тіктіру үшін ауруханаға апарған. Әрине, олар біреуге айтып қоймасын деген оймен менің әр қадамымды бақылап отыратын. Мен одан кететінімді айтқан жоқпын, бірақ барлығын әлеуметтік желіге жүктейтінімді айттым. Оған «Егер мені ұрғаныңды тоқтатпасаң, сені қамайды» дегенімде, ол күліп  «Маған бәрібір» деп айтты.

Карина Мамаш телеарнаға көп жылдан бері көріп келген қорлығы туралы айтып берді. Қазір ол балалары және әпкесі, анасымен Астананың дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Ол күйеуінің ұратыны жайында осы күнге дейін ешкімге тіс жармаған. Тіпті жақындарына дейін білмепті. Тек жақын құрбылары ғана хабардар болған. Айтуынша, барлығы некелескеннен кейінгі алғашқы күннен басталған. Күйеуі агрессивке толы адам болыпты және ішкен кезде жиі қол көтереді екен.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты шетелден шұғыл түрде шақыртып алды.

«Бұл көбісі айтпауды жөн көретін проблеманың бетін ашып тұр. Бәрі шетелде тұратын әйелдің жағдайы жақсы деп ойлайды. Әйелдер, дипломаттарға тәуелді, өйткені оларға шетелге барғаны үшін, әйелдері мен балаларының сол жақта тұруы үшін төленетін «қосымша» нәрсе бар. Оның үстіне, бұл қаржының барлығы әйелінің емес, жұбайының картасына түседі. Яғни, шетелдегі әйелдің жеке қаражаты жоқ. Сондықтан олар жұбайларына экономикалық тұрғыда тәуелді», - дейді Астана «Қорғау» дағдарыс орталығының басшысы Анна Рыль.