“Той мен дінді шатастырып”: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шығарды (Видео)
Желі қолданушылары дінді тойға араластырмауды жазуда
Тойдың бірінде екі жасты жар-жар айтып шақырудың орнына, азан үнімен ортаға шығарды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш той еліміздің қай өңірінде өткізілгені белгісіз. Алайда кадрдан үйленген жастардың азан дауысын ұйып тыңдап тұрғандарын көруге болады.
Желі қолланушылары бұған байланысты неше түрлі пікірлер айтуда. Бірі салт-дәстүрге жатпайды десе, кейбірі халал тойда азан шақырылады деуде.