Түркістанда шенділердің жауапсыздығынан тұрғындар үйсіз қалды
Халық далада жүргенде шенеуніктер бюджет қаржысын жаратып үлгермедік деп есеп берді.
Шенеуніктердің сапасыз атқарған жұмысы салдарынан Бәйдібек пен Мақтаарал ауданы тұрғындары үйсіз қалды. Бұл жайлы TVK арнасы хабарлады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018-2019 жылына жоспарланған тұрғын үй әлі салынбады. Алайда бұған үкіметтің өз жауабы бар: олардың айтуынша, бюджет қаржысы осы аудандарда үй алуға кезектегі адам санының аздығынан толық игерілмеді. «Халық тығыз орналасқан Мақтааралда үй жоқ. Бұл ауданда қазір 300 мың адам тұрады, ал жоспар бойынша үйлердің құрылысы салынбаған. Яғни, 2019 жылы жаңа тұрғын үй бой көтермейді. Бағдарлама, президенттен өзгелерге керек емес пе? Сіздер есеп берсеңіздер болды ма? Келер жылы адамдардың қайда тұратынын ойладыңдар ма? Бәйдібек ауданының өзінде баспанасыз жүргендер қаншама?! »,-деді Облыс маслихаты депутаты Нұралы Әбіш. Айта кететіні, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Түркістан облысында 42, Шымкент қаласында - 29 нысана салынуда. Үкімет басшылары құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлауда.