Мәдениет

“Мен ақталмаймын”: Асқар Ілиясов өзінің абьюзер емес екенін айтты

Актер Айя Шалқарды құрметтейтінін және жақсы көретінін айтты

Актер Асқар Ілиясов қазақстандық танымал модель Айя Шалқардың жазбасында айтқан сөздеріне жауап берді. Ол өзінің абьюзер еместігін айтып, бұрынғы сүйіктісін ашық сұхбатқа шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Актер өз Instagram-дағы парақшасында Айя Шалқармен арасындағы болған жайттар екеуіне ғана қатысты екенін жазды. 

"Мен бұны жазам деп ойламадым, бірақ Айяның сторисіндегі әңгіме қоғам алдында талқыланып, шектен шығып барады. Мен абьюзер емеспін, мен әйелдерді құрметтеймін. Ал Айямен арамызда болған жайттар екеумізге ғана қатысты. Мен оны жақсы көремін және құрметтеймін. Біз екіге кеттік. Төрт ай қарым-қатынастан кейін сондай шешім шығардық. Бөлек кетуді дұрыс санадық", - деп жазды Асқар Ілиясов. 

Ол Айя Шалқардың көпшілік алдында бірге сұхбат беруге шақырды. 

“Мен ақталмаймын, диалог болғанын қалаймын. Біз бұл туралы жеке де сөйлесе аламыз, бірақ егер біздің қарым-қатынасты қоғамдық форматқа айналдырғың келсе, оны бірге талқылайық, Тимур Балымбетовпен бірлескен сұқбат түсіріп, маңызды жайттар туралы әңгімелейік. Менің ойымша, бұл тек біз үшін ғана емес, бір-бірін түсіне алмайтын барлық адамдар үшін пайдалы болады деп ойлаймын", - деді ол.