"Екінші баласына аяғы ауыр": Мақпал Исабекованы шетелдік күйеуі тастап кетті
Әнші күйеуінің қайда екенінен де хабарсыз болып шықты.
Эстрада әншісі Мақпал Исабекованың қазір аяғы ауыр. Екінші сәбиін күтіп жүрген өнер иесін күйеуінің қайда екенінен хабарсыз, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол Instagram әлеуметтік желісінде жолданған сұрақтардың көбісінің күйеуі жайлы болатын. Ол өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға жауап берді.
“Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. "Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба?" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма, жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім”, - дейді әнші.
Сондай-ақ әнші күйеуінің қайда екенінен де хабарсыз боп шықты.
«Күйеуімді бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз", – деп жазды Исабекова өзінің желідегі парақшасына.
Еске сала кетсек әнші Мақпал Исабекова 2021 жылы мамыр айында тұрмысқа шығып, мешітте некесін қидырған болатын. Бүгінде ол Теодор есімді бір ұл бала тәрбиелеп отыр.