"Мен баруым керек еді": Маржан Арапбаева I Аm a Singer жобасына өз орнына Димаштың кеткенін айтты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 мамыр, 2024
- 3.2k
Әнші Маржан Арапбаева "I Am a Singer" жобасына өзін шақырғанын, десе де өзіне түскен ұсыныстан бас тартқанын айтып, "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Әнші 2005 жылы ұсыныс алғанынын, сол уақыт пен босанған кезі сәйкес келіп қалғанын айтады.
"Сол кезде Ертай есімді журналист хабарласып Қытайда "I Am a Singer" жобасы өтіп жатыр сол жерге сізді ұсынсақ қатысуға деді. Желіден жоба туралы қарап шықтым. Ол жерде 6 ай болу керек екен. Мен омырауда балам болған соң ойланайын дедім. Жолдасыммен ақылдасқанда ол кішкентай баламен қалай барасың деді. Барғым-ақ келіп тұр бірақ бара алмайтын болдым", - дейді әнші.
Десе де әнші кейін тағы да ұсыныс алған. Бірақ белгілі себептермен тағы да қатыса алмайтынын айтқан.
Ал Димашты дәл сол жобадан көргенде көзіне жас алып, қатты қуанғанын жасырмады. Өйткені, әнші ретінде Димашты сол жобаға қатысуға ең лайықты өнерпаз еді дейді ол.