Мылқау жүргізушіні балағаттаған ер адам 15 күнге қамалды
Мылқау жүргізушіні балағаттаған ер адамның бұдан бұрын да қоғамдық тәртіп бұзғандығы анықталған
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзу жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мылқау такси жүргізушісін балағаттаған ер адамға 15 тәулік қамауға алу туралы жаза кесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. есімді адам телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан. Сот отырысы барысында К. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді», - деді Астана сотынан.
Ер адамның бұдан бұрын да бірнеше қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде такси жүргізушісін балағаттаған ер адамның видеосы тараған болатын.