Қоғам

Астанада тұрғынүй кешенінің шыға берісінде басына қасбет құлаған баланың видеосы тарады

Оқыс оқиға 12 мамырда Sat City тұрғын үй кешенінде болған.

Әлеуметтік желіде үйдің кіреберісінен шыққан баланың басына қасбет құлағаны көрінген видео тарады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Tengrinews.kz мәліметінше, оқыс оқиға 12 мамырда Астанадағы Sat City тұрғын үй кешенінде болған.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала бас жарақатын алғанымен, өзі аман-есен екен.

Қалалық көпбейінді №2 балалар ауруханасының травматологиялық бөліміне 2013 жылғы бала жүгінді. Ұл бала самайындағы жараға шағымданды. Баланы тексеру кезінде соғылған жара анықталды. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, - делінген ведомство хабарламасында.

Басқарма атап өткендей, бала хирургтің бақылауында болады. Оған тиісті кеңес берілді. Қазір ол амбулаториялық емдеуге жіберілді.