Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

9000 мың өтініш қабылданды: «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша кімдер пәтер ала алады?

9000 мың өтініш қабылданды: «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша кімдер пәтер ала алады?
Фото: Ашық дереккөздерден
10 мамырға дейін жолдаған 17 432 өтінімнің ішінде 8 945-і ғана сәтті қабылданған

Бүгінгі күнге дейін «Наурыз» бағдарламасы бойынша 9 мың өтініш қабылданған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген ең жас үміткер Түркістан облысынан екенін мәлімдеді.

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтініш жолдаған ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны. Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған бес қала мен өңір қатарына Ақтөбе мен Алматы облыстары кірді. «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Баспана маркет платформасы (otbasybank.kz) сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдауға қабілетті, – деді Ләззат Ибрагимова.

10 мамырға дейін жолдаған 17 432 өтінімнің ішінде 8 945-і ғана сәтті қабылданған. «Отбасы банк» АҚ басқарушы орталық филиал директоры Жансұлтан Матайдың айтуынша, 2 436 өтінім қабылданбай, кері қайтарылған.

«Негізгі себеп клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге мөлшеріндегі қажетті сома жоқ болып шыққан. Бұл «Наурыз» бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданбады. Тағы 5 008 өтінім жолдану процесінде. Яғни мемлекеттік дерекқорлармен сәйкестендіру жүргізілуде және жүйе өтінімдерге ЭЦҚ көмегімен үміткерлердің қол қоюын күтуде», – деді Жансұлтан Матай.

«Наурыз» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылатын болды. Үміткерлердің маусым айының соңына дейін жібере алады. Сондай-ақ өтінім беру күні мен уақыты ұпай санағанда ескерілмейтін болады. Бағдарламаға қатысушылар тізіміне ең көп ұпай жинаған үміткерлер кіретін болады.

Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылар, моноқалалар, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде жинақтау талаптарынсыз тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар, студенттер бюджеттік сала қызметкерлері қатысы алады.

Сонымен бірге, бағдарламаға қатысушылардың және олардың жақындарының (мысалы әйелі, күйеуі, 18-ге толмаған балалары) атында жылжымайтын мүлік болмауы керек. Егер қатысушының атында жер учаскесі, гараж сияқты жылжымайтын мүлік болса, онда ол бағдарламаға қатысу мүмкіндігінен айырылады. Азаматтың атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар