"Кінәсіз адамды соттадыңыздар": Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты
"Не үшін маған 4 жыл?" - деп сұрады ол.
Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім оқылды. Судья Айжан Құлбаева сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтан қандай да бір сұрақтары бар-жоғын сұрады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев үкімге қатысты сұрағы жоқ екенін айтып жауап берді. 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов сұрақ ойды:
"Не үшін маған 4 жыл?" - деп сұрады ол. Оның бұл сұрағына судья Құлбаева сот алқабилермен бірге шешім қабылдағанын айтты. Ал Байданов болса, "Жарайды. Кінәсіз адамды соттадыңыздар", - деп жауап берді.
Сондай-аө судья сотталушылардың үкімге қарсы 15 тәулік ішінде шағым түсіре алатынын жеткізді.