Спорт

"Ауыр қылмыс" жасады деп айыпталған Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін

Адвокат Игорь Бушмановтың сөзінше, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге отыруы да мүмкін.

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың салық қызметі алдында үлкен қарызы бар болып шықты, деп жазады KYN.KZ тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Хабиб 306 миллион 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 миллиард теңгедей) қарызы бар болып шықты. Mash басылымы Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC промоушені және спортшының қайырымдылық қорының есеп-шотын бұғаттағанын хабарлады. 

Адвокат Игорь Бушмановтың сөзінше, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге отыруы да мүмкін. 

"Ұйым салығынан жалтару - ауыр қылмыс. Төленбеген салық соммасы 10 миллионнан асса, бұл үшін РФ заңындағы 199-бабы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қарастырылған. 
Мұндай істі Ресейдің тергеу комитеті жүргізеді. Әдетте айыпкер ретінде ұйым жетекшісі жауапқа тартылады. Сирек түрде - құрылтайшы мен бас бухгалтер. Айыпкер салық пен өсімді толық төлесе жазадан құтылады", - деп береді адвокаттың сөзін "СЭ".