Қоғам

Ақтауда мектеп күзетшісі аулада ойнап жүрген оқушыны зорламақ болған

Оқушы қыздың анасы полицияға арыз жазған

Ақтаудағы 10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болды деп айыпталып отыр. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мектептің ата-аналары күзетшінің әрекетіне қарап, күдіктенген.

Тараған аудиохабарламада демалыс күндері мектептің ауласында кәмелетке толмаған қыздардың ойнап жүргені айтылған. Оқу орнының күзетшісі оқушылардың бірін подъезге шақырған. Сөйтіп қызды күзет үстелінің артына апарып, тиісе бастағанда ол қашып кеткен.

"Бұл сұмдық біздің мектепте болған. 52-53 жастағы ер адам мектептің кіре берісінде отырған. Қызды күзет бөлмесіне кіргізген. Баланың қалай құтылғаны белгісіз. Камера тұрса да осылай жасаған. Қызға тисіп, зорламақ болған”, – делінген ақпаратта.

Анықталғандай, оқушы қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

Бұл фактіні мектеп те растады. Оқиға 12 мамыр күні болғанын мәлімдеді. Күзетші дереу қамауға алынған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – деп жауап берді департамент.