“Сен бәрін жеңдің!”: Бүгін Салтанат Нүкенованың туған күні
Желі қолданушылары жан тебірентерлік жазбалар қалдыруда
Бүгін 15 мамыр Салтанат Нүкенованың туған күні. Ол 1992 жылы осы күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Бұл туралы оның атындағы қор Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Салтанат Нүкенова 31 жасында өзінің азаматтық некедегі жары Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. Бұл 2023 жылдың 9 қарашасы еді.
Сол күні ұсталған Қуандық Бишімбаев соты жарты жылға созылды. Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның қылмысын жасыруға көмектескен туысқан інісі Бақытжан Байжанов 4 жыл арқалады.
Қазіргі таңда Салтанат Нүкенова атындағы қор жұмыс істеп жатыр. Қордың негізін қалаушы - Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Ол тұрмыста зорлыққа ұшыраған әйелдерге тиісті көмек көрсететінін атап өтті.