Қоғам

Қазақстан бұрынғы сағат белдеуіне қайта орала ма?

Петиция 50 мың қол жинаса бұрынғы сағат белдеуіне ауысуы мүмкін

Қазақстан бұрынғы сағат белдеуіне оралуы мүмкін. Ол үшін петиция 50 мың қол жинауы керек екенін сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Петиция 19 сәуірде жарияланды. Қазір мың адамдай қол қойған. Біз мұқият мониторинг жасап отырмыз. Петицияда көрсетілген талаптар ескеріледі. Соның нәтижесі бойынша мәселені қараймыз. Дәл қазір нақты ақпарат беруге ерте», - деді ол.

Қазақстанның он бес өңірі осы жылы 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты.