Қоғам
Интернет-алаяқтары Egov-тан келген кодты сұрап, қоңырау шала бастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 мамыр, 2024
- 376
Әйел алаяқтарға Egov-тан келген кодты айтып қойған.
Интернет-алаяқтары жаңа айла ойлап тапты. Қарағандылық әйелге шетелдік нөмірден хабарласқан олар, Egov-тан келген кодты айтуын сұраған. Бұл туралы POLISIA.KZ телеграм-арнасы бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еш ойланбастан қала тұрғыны оларға кодты айтқан. Сол сәтте қоңырау жалған банк қызметкерлерінен түскенін ұғып, бірден полицияға хабарлаған. Бірақ кодты қоңырау соққан алаяққа беріп қойыпты.
Киберполицейлер дәл уақытында барлық PIN-кодты өзгертуге, ЭЦҚ кілтін жаңартуға және несиеден бас тарту қызметін іске қосуға көмектесті.
Алаяқтардан қоңырау шалуларын тоқтатпаған. Олармен тәртіп сақшылары сөйлескен. Алаяқтар жәбірленушінің қармаққа түспегенін білгеннен кейін әңгімені тоқтатыпты.