"Артқы жағында 2 см сызат бар": Ақтөбе облысында бұрынғы әкім 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді
Анасы бірден баланы ауруханаға апарған.
Ақтөбе облысының ауылында тұратын әйел 3 жасар қызын туысқан ағасы зорлағанын айтып, “Немолчи” қорының басшысы Дина Таңсәріге хабарласқан, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Туыстарының үйіне барған 3 жасар қыз йге оралған соң "үлкен аға тиісті" деген. Анасы бірден баланы ауруханаға апарған. Ал дәрігер болса, зақым келгенін мәлімдеген.
“Дәрігер артқы жағында 2 см сызат барын растады. Әйел дереу полицияға арыз берді, бірақ күдікті жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері, тіпті әкім болған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, таныстарының көмегімен істі жылы жаба ма деп алаңдаулы”, – деп жаздыТаңсәрі.