Қоғам

«Сақалдылар сіздерге не жамандық қылдық?»: Имам көпшілікке өз ренішін білдірді

Ол көпшілікті сақалдыларға тиіспеуге шақырды.

Әлеуметтік желіде имам көпшілікке өз ренішін жеткізді. Ол кейбіреуінің «сендерді құрту керек» деген сөзіне ашуланып, соған қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы видео qazaq_eli_news парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, кешегі мешітте болған төбелестен кейін көп адамдар жағымсыз пікір жаза бастаған. Бірақ ол сақал қою ата-бабамыздан келе жатқандығын және жалғыз Шоқан Уәлиханов ғана қоймағанын түсіндірді.

«Кеше бір адамның «әмин» дегені үшін ұрғанын айтқан едім. Соған адамдар «мешітті жағы керек», «сендерді құрту керек» дейді. Біз сақалдылар сіздерге не жамандық қылдық деймін. Егер сақалым ұнамаса, онда Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билерді жек көргеніңіз. Оның арғы жағында Мұхаммед пайғамдарды жек көргендеріңіз. Сондықтан сақалдыларға тимеңіздер. Бұрын өзіміздің төл теңгемізде: 1 теңгелік, 2,3,10 теңлектердің бәрінде сақал болатын. Тек біреуінде сақал болмайтын. Ол – Шоқан Уәлиханов еді»,- дейді видеода ер адам.