«Былапыт сөзді завуч»: Ұлжан Елмұратоваға сот үкімі шықты
Асылып қалған келіншекті көршісі мен күйеуінің бауыры дер кезінде көріп, жіптен шешіп алғаны туралы ақпарат тараған.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеп, алаяқтық жасады деп айыпталған Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Сұмдық сот. Балағат сөздер айтатын Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды. Аз әрине. Бірақ соттың үкімінен кейін вампирдің анасы мен сіңлілері мені ұрмақшы болып Жүсіп Ақшора көкем айтқандай осылай жанжал, төбелеспен аяқталды. Олардың ойынша боғауыз вампирді мен соттатқан сияқтымын. Кейін сыртқа шыққан соң тағы да қырғын болды. Соттың терезесін қиратып неше түрлі өнер көрсетті», - дейді Құрал Сейітханұлы есімді желі қолданушысы.
Еске сала кетейік, ол көлік жүргізушісін және оқушыларды балағаттан видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның қатаң сынына ұшыраған болатын. Артынша Ұлжан Елмұратованың суицид жасағаны туралы хабар тарады. Асылып қалған келіншекті көршісі мен күйеуінің бауыры дер кезінде көріп, жіптен шешіп алғаны туралы ақпарат тараған. Осы оқиғадан арада 3 жыл өткенде педагог 6 жылға сотталды.