Қоғам

"Тағы да орман өрті": 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Ахуалды күшті жел мен қуаңшылық ушықтыра түсті

Канада елінің батыс бөлігінде 10 мың гектар аумақты шарпыған орман өрті әлі де қауіп төндіріп отыр. Ахуалды күшті жел мен қуаңшылық ушықтыра түсті, деп жазады KYN.KZ тілшісі Hurriyet.com.tr-ге сілтеме жасап.

Канаданың Батыс аймағында 209 шаршы шақырым аумақта жалғасып жатқан орман өрттеріне байланысты 6 600 адамды эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Орман өрті Канаданың 5 провинциясына, сондай-ақ АҚШ-тың солтүстігіне де тараған. Американың төрт штатында қара түтіннен ауаның сапасы нашарлағаны туралы дабыл қағылды.

Вуд-Буффало аймақтық муниципалитеті «жергілікті төтенше жағдай» жариялағаннан кейін эвакуация туралы бұйрық шығарды. Эвакуация Альберта штатының Вуд-Буффало аймағындағы Форт-МакМюррейдің әртүрлі аудандарында жүргізілді. Орман өрттерінің тез таралу салдарынан жергілікті жолдар мен тас жолдар көліктерге толы болғаны хабарланды. Өрт Альберта штатында 209 шаршы шақырым аумақта жалғасқаны хабарланды.

Шенеуніктер жалпы 134 өрт болғанын, оның 43-інің бақылаудан тыс қалғанын хабарлады.