Қоғам

Ақтөбе облысында үш жасар қыздың зорлануы: Полиция сараптама қорытындысын мәлімдеді

Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексерілуде

14 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы емдеу мекемесіне облыс тұрғыны 3 жасар қызда жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғын тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот-медициналық сарапшы бүлдіршінде дене жарақаттары жоғын мәлім еткен. 

"Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының оқиға орнына дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді. Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексерілуде екені хабарланды. 

Тергеу Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.