Шымкентте мектеп директоры мен оның сыбайластары 48 млн теңге жымқырған
Оларға бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды
Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері 7-8 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оларға 48 млн теңге көлеміндегі педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды.
Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.