Қоғам

Қостанай-Алматы әуе рейсінде жолаушының жүрегі тоқтап қайтыс болды

Өзін нашар сезінген жолаушыға шұғыл көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонған

FlyArystan әуекомпаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезініп, ұшақ Астанаға шұғыл қонған, – деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі Qazaqstantv Telegram  арнасына сілтеме жасап.

Әуекомпаниясының мәліметінше, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігермен бірге стюардессалар дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.

"Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуекомпаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-қан тамырлары массажын жасады. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады", – делінген хабарламада.