Қоғам
Өзін коуч атаған журналист: инфекцияны тек әйелдер таратады, ер адам неше әйелге барса да тасмалдаушы емес
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 4.0k
Әдемі әрі бақытты өмірді мұсылман ережесімен сүруді насихаттайтын журналист елге жақпай қалды
Журналист әрі отбасылық коуч Жанәділ Райымбеков жыныстық жолмен келетін инфекция тек әйелдерден тарайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналист видеосын өз Instagram парақшасында «Подкасттан үзінді» деп бөліскен. Оның айтуынша, еркектер қанша әйелмен жыныстық қатынасқа түссе де, инфекция таратпайды.
"Егер әйел адам бірнеше еркекпен қосылатын болса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Ал көп әйелі бар еркек өзінің сол әйелдерімен қосылса да, ол инфекция тарата алмайды. Ол ғылыммен дәлелденген. Біздің ата-бабамыз да көп әйел алған. Ал инфекция қайдан пайда болады десеңіз, әйел адам бөтен еркекпен қосылғанда», - дейді ол.
Оның бұл ойы желі қолданушылардың қызу талқысына түсті.