Қоғам

Суретші кілемге Салтанат Нүкенованың бейнесін салды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары суретшінің өнеріне тәнті болды

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Видеоны TikTok желісіне rasaitam.kz есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіреткен.

Еске сала кетейік, әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.