Мәдениет

“Әттеген-ай”: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне деген сағынышын жеткізді

Желі оқырмандары тележүргізушіге басу айтты

Белгілі тележүргізуші  Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевқа Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды. Оның қайтыс болғанына 555 күн өткенін айтты, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол күйеуінің қолдауының жетпей жүргенін жасырмады.

«555 күн өтті… Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір «әттеген-ай». Қолдауың бізге жетпей жүр», – деп жазды ол.

Желідегі оқырмандары мен өнердегі әріптестері Қайрат Беркінбаевтың жақсы азамат болғанын ескғ алып, басу айтты.