Атырауда мейрамхана иесі Қайрат Нұртасты сотқа берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 1.0k
Атырау қаласындағы мейрамхана әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Істі 16 мамырда Алматы облысының соты онлайн-режимде қарады. Жаңа жылдық корпоратив кешке өнер көрсетуге әншіні шақырған мейрамхана иесі шамамен 5 млн теңгені бере алмайтын болған соң концертті өткізбейтін болып шешім қабылдаған. Бұл жөнінде оны 42 күн бұрын ескерткен. Бұны жәберіленуші анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен. Ал 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне берген.
«Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі түрде жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі, ақшамды қайтарғым келеді»,- дейді кәсіпкер Ольга Хван.
Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады. Заң бойынша оның сот шешімімен келіспеген жағдайда Жоғары сотқа алты ай ішінде шағымдануға құқы бар.