Қазақстандықтарға енді көлікпен қатар үйді де сақтандыру міндеттелмек
Сенат депутатының айтуынша, өзге елдерде міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді екен
Енді қазақстандықтар жылжымайтын мүлкін сақтандыруға міндеттелуі мүмкін. Бұл бастама еліміздің бірнеше жерін қыспаққа алған тасқынға байланысты көтеріліп отырған сияқты. Себебі 13 мыңға жуық баспана суда қалып қойған. Сәйкесінше табиғи апаттың салдарын жою мемлекет қазынасына әжептәуір салмақ салғалы отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.
Сондықтан сенат депутаты Бибігүл Жексенбай сақтандыру жүйесін жетілдіріп тұрғын үйлерді міндетті түрде сақтандыру мүмкіндігін қарастыратын арнайы ведомствалық комиссия құруды ұсынды.
«Біріншіден елімізді сақтандыру жүйесін жетілдіру және тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру мүмкіндігі бойынша халықаралық ұйым өкілдері сарапшылардың қатысуымен арнайы ведомствааралық комиссия құруды қарастыру, екіншіден отандық сақтандыру компаниялардың төтенше жағдайлар шығынын өтеуге қатысты әлеуетіне сараптама жасалып, олардың жарлық қорларын көбейту жағдайын зерделеу», - деді ҚР Парламентңі сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай.
Яғни шығынды өтеудің басқа амалдарын қарастыру уақыт талабы деді сенатор. Себебі соңғы 20 жылда табиғи апаттарадың саны екі есе өскен. Ал Қазақстанның 75 пайызы дауыл, көшкін, сел, су тасқыны, жер сілкінісі, орман және дала өрттері секілді апат қаупі жоғары аумаққа жатады екен. Айтуынша, өзгелерде мұндай аймақтарда арнайы сақтандыру қорлары мемлекеттік бағдарламалар міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Алайда біздегі жағдай өзгеше. Өйткені отандық сақтандыру жүйесі дамымаған. Сондықтан шығын да сирек көтереді.ү сәйкесінше барлық ауыртпалық жергілікті атқарушы орган мен өкіметке түседі. Әрі Бибігүл Жексенбай шығынды өтеуге қалпына келтірілген баспананың жекеменшікке беруге халықты табиғи апаттардан сақтандырып қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленгенін қалайды.