Қоғам

11 жыл бойы ұрып-соққан: әкім әйелінің айыптауына қатысты өз ойын айтты

Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелі оған жала жауып отыр деп есептейді

Атырау облысы, Мақат ауданының әкімі қызметінде отырған Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айтқанына байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, атыраулық Ақмарал Үмбетқалиева 11 жыл бойы бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанын және балаларын тартып алғанын мәлімдеген болатын.

Бұған байланысты шенеунік өзіне жала жауып отыр деп санайды.

«Бұрынғы әйелімнің мен туралы айтқан әңгімесі БАҚ-қа тарап кетті. Жеке өмірім туралы айтудың мәні жоқ. Оған ақыл беруін тілеймін. Соңғы жағдайларға байланысты Youtube-каналдардан түрлі дүниелерді көріп қойған сияқты. Менің танымал адам екенімді біліп осындай нәрсе жасап отыр. Екеуміздің ортақ екі қызымыз менімен тұрып жатыр. Махаббат және мейірімділікпен тәрбиеленуде. Айтар болсам, соттың шешімімен олар менде қалды. Ал қол көтерді деген айып бойынша сот процесі жүріп жатыр. БАҚ өкілдерінен асығыс шешім шығармауларын өтінемін», - дейді ол.