Синоптиктер демалыс күндеріне ауа-райы болжамын жасады
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Синоптиктер елімізде 18, 19 және 20 мамыр күндері ауа-райына болжам жасап, жаңбырлы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа -райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
"Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда - 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі", - дейді синоптиктер.