Алматыда доллар 445,99 теңгеге, ал Астанадағы ақша айырбастау орындарында 446,64 теңгеге сатылып жатыр
Қазақстанда доллардың бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,42 теңгеге дейін көтеріліп, 443,44 теңге болды. Доллардың 17 мамырдағы ресми бағамы - 441,58 теңге.
Дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 444,68 теңгеге, сатылымы 445,99 теңгеге тең екенін kurs.kz мәлімдеді. Ал Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 441,65 теңгеден сатып алынып, 446,64 теңгеге сатылуда.