“Қатты ауыр тиді”: Қарақат Әбілдина анасының қазасы туралы айтып берді
Анасының қазасынан кейін ол өз-өзіне әрең келген
Әнші Қарақат Әбілдина туған ауылына барып, марқұм анасының рухына Құран бағыштады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әншінің анасы осыдан төрт жыл бұрын індет кезінде көз жұмған. Сол уақытты есіне алған ол Instagram парақшасында жазба қалдырды.
"2020-жылдың 15-мамырында Аяланың туған күнінде анашым ауылдан видео қоңыраумен шығып, құттықтады. Барлығымызбен жеке-жеке сөйлесіп, мәре-сәре болдық. Індет уақыты, карантин кезі еді. «Әттең мына жодың жабығы-ай, әйтпесе келер едім, ботам» деп жақсы сөздерін айтқаны – батасын беріп, қоштасқаны екен ғой. Кім білген... Аяланың туған күнінен бір күннен соң, 17-мамыр өмірден өзі де өте шықты. Айзада қызыма аяғым ауыр, анамның қазасы қатты ауыр тиді. Есеңгіреп, өз-өзіме келуім қиын болған. Оған да, міне, 4 жыл өте шығыпты. «Уақыт- емші» дейді ғой, негізі уақыт емдемейді, тек біз сол қайғымен өмір сүруге үйреніп кетеміз», - деді Қарақат Әбілдина.
Ол оқырмандарына көзі тірісінде аналарын сыйлауды айтып, ақылын берді.
"Ендігі қолдан келетіні – Құран бағыштау. Көз көргендерін жинап, жақсылығын еске алудан басқа не бар? Бүгін, міне, құрбандық шалып, Құран оқыттық. Балаларды да ерте бардық. Бәрін көзбен көріп, олар да қайтқан соң ата-анаға дұға керек екенін ұқсын дедік. Сол, жақсыларым, әке-шешенің көзі тірі болса, жылы сөзді аямай, бағалап, батасын алғайсыз», - деді әнші