"Бәрін таста" дей алмадым": Баян Мақсатқызы қазіргі күйеуімен көңіл қосып жүргенде оның әйелі болғанын айтты
Ол аспанға қарап, махаббатын жолықтырғысы келетінін айтқан.
Танымал продюсер Баян Алагөзова "Без мишуры" YouTube арнасында қазіргі жолдасы Тұрсын Алагөзовпен таныстығы жайлы сұхбат берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұрынғы некесі жайлы әңгіме бастаған ол үйінде жиі жалғыз қалғанын, күйеуінің ол уақыттарда түнде үйде болмайтынын айтты. Сол кездері продюсер аспанға қарап тілек тілепті.
"Үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым. "Құдай, маған махаббат берші, менің сүйгім келеді, махаббатты сезінгім келеді" деп. "Бұлай өмір сүргім келмейді. Махаббатсыз мен өлемін. Махаббатымның бәрін жұмыс пен балаларға беруден шаршадым" деп айтатынмын. Құдай маған махаббатымды жібергенде, тағы да балконға шығып, "осы ситуацияға рұқсат берші" деп сұрадым. Құдай тілегімді орындады. Неге бұлай сұрадым? Себебі мен әйелі бар адамға дым болмағандай, "бәрін таста, екеуміз бақытты боламыз" деп айта алмадым. Тұрсыннан "отбасыңды не істейсің?" деп те сұрамадым. Себебі бұл этикаға жатпайды. Ол еркек, барлық шешімді өзі қабылдау керек деп ойладым. Одан "әйеліңмен ажырас, солай істеуге тиіссің" деп те айтпадым. Ересек адам болғандықтан, бұл оның шешімі екенін айтатынмын",- деді ол.