Қоғам

"Қазақ қызы қайда кетіп барасың?": жапон жігіттің ұзатудағы видеосы қызу талқылануда

Жапон жігіті қазақ қызын ұзатып әкетуге отбасы, туыстарымен келген.

Facebook әлеуметтік желісінде жапон жігітке ұзатылып жатқан қазақ қызының тойы жарияланды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Кадрда тойға келген жапондықтарды асаба жігіт күлдіруге тырысып, оларға сый-сыяпат үлестіріп жатыр. Ал құда мен құдағайға шапан жауып, құда балаларға тақия кигізіп мәз.

Аудармашы арқылы құдамен тілдесуге тырысқан асаба оған қамшы сыйлап, әйелін ұруға болатынын айтады. Бұны естіген құдағай "мен де оны ұрсам бола ма осы қамшымен?" деп сұрайды. Оның бұл сұрағына асаба жігіт "жоқ" деп жауап береді.

Видеоны желіге бөліскен автор "Қазақ қызы қайда барасың? Жапонға қыз ұзатып жатқан қазақ отбасы құдаларын көңілді қарсы алды. Дұрыс па? Бұрыс па?" деп жазды. 

Айта кетейік, оқиғаның нақты қай қалада болғаны әзірге белгісіз.