19 мамырға арналған ауа-райы: шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді
Еліміздің оңтүстігінде жел соғып, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, 19 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркіреп, жаңбыр жауып, бұршақ болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жалпы Қазақстан бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел соғып, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.