Қоғам

"Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады": Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті

Астанадағы саябақтың біріне баласымен серуендеуге келген депутаттың көңілі түсіп қайтқан

Астанадағы Ақордаға жақын Алатау саябағына серуендеуге шыққан депутат Абзал Құспан орыс тілінде шүлдірлеп жүрген ондағы қазақтарға ашуланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода ол қазақ тілінде сөйлеспегені үшін саябақта бір үлкен кісімен сөзге келіп қала жаздағанын айтады.

«Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін!», – деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.

Айтуынша, намыстанған депутат ол жерде баласымен көп серуендей алмапты.