Қоғам

Алматы қаласының маңында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Алматыдан 257 шақырым жерде орын алған

Жерасты дүмпуін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 мамыр күні сағат 05:45-те тіркеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. MPV магнитудасы - 5.0», - деп көрсетілген хабарламады.

Қазақстан Республикасының аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат жоқ.